Практикалық және теориялық тәжірибелерімен бөлісті

29.07.2025

Үстел теннисінен халықаралық санаттағы қазақстандық төреші Мирякуб Мирасланов Балтым қаласында (Ресейдің Свердлов облысы) өткен "РҮТФ бас хатшыларының мектебі" атты дәстүрлі оқыту семинарына қатысты. Сабақтарды елдің ең мықты мамандары, халықаралық санаттағы төрешілер Валерий Петров, Александр Александров, Елена Семёнова және Александра Софронова өткізді.

Семинар аясында хатшылықтың жұмыстары, атап айтқанда міндеттерді бөлу, жеребе тарту жұмыстарын дайындау және қамтамасыз ету, біліктілік талаптары, есептілік, күтпеген жағдайлар және оларды шешу нұсқалары талқыланды.


"Семинар өте пайдалы, Ресейлік әріптестермен ағымдағы мәселелерді талдап, қызықты жағдайларды талқыладық, практикалық және теориялық тәжірибелермен бөлістік. Мұнда алған білімімді Қазақстандағы жарыстарда міндетті түрде қолданатын боламын", - деп атап өтті Мирякуб Мирасланов.

Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушылар сертификат алды.


Талап Қойбағаров