13 ақпанда Лиссабонда үстел теннисінен «ITTF Challenge Plus Portugal Open» атты әйелдер арасында Халықаралық турнир басталады, онда Алжир, Аргентина, Австрия, Англия, Бельгия, Беларусия, Бразилия, Венгрия, Германия, Гонконг, Голландия, Дания, Үндістан, Ирландия, Италия, Мысыр, Қытай, Колумбия, Испания, Франция, Нигерия, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Ресей, Сербия, Словакия, Швеция, Тайбэй, АҚШ, Уэльс, Чехия, Жапония және Қазақстаннан 153 спортшы АҚШ-тың 60.000 доллар жүлде қорын ұтысқа салатын болады. Біздің еліміздің намысын 2019 жылғы республикалық Спартакиаданың қола жүлдегері Оралдық Гүлчехра Құсейінова қорғайтын болады! Оған сәттілік тілейік!
Талап Қойбағаров