Неміс Бундеслигасындағы үстел теннисінен кезекті турдың матчтары жұма күні кешке өтті. Кирилл Герасименконың Бремендік "Werder" клубы Грюнветтерсбахта жергілікті "ASV" клубына қарсы ойнады, бұл Карлсруэ қаласының ауданы. Кездесу басталғанға дейін алаң иелері Германия чемпионатының турнирлік кестесінде 7-ші орында жайғасқан еді, ал бремендіктер 8-ші орында болды және плей-офф аймағына кіру үшін шайқасты жалғастыруда, онда маусымның соңында тек 4 команда ғана медальдарды ұтысқа салатын болады. "ASV", "Werder" клубтары бір-біріне лайықты болды, адал шайқасты, ешқайсысы соңына дейін берілмеді. Қазақстандық жанкүйерлердің қуанышына орай "Werder" 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Ван Си («ASV») - Марсело Агирре
(«Werder») 3:1;
Тобиас Расмуссен («ASV») - Маттиас Фальк
(«Werder») 3:2;
Дан Цю («ASV») - Кирилл Герасименко
(«Werder»)1:3;
Ван Си («ASV») - Маттиас Фальк
(«Werder»)1:3;
Дан Цю/ Тобиас Расмуссен («ASV») -
Марсело Агирре/ Хунор Сеч («Werder») 2:3.
"Werder" 8-ші орыннан 5-ші
орынға көтерілді.
Талап Қойбағаров