Пирамидалар еліндегі турнир

01.10.2026

2-5 қазан аралығында Каир қаласында (Мысыр) үстел теннисінен «WTT Youth Contender Cairo» халықаралық турнирі өтеді. Жарысқа Англия, Алжир, Бахрейн, Мысыр, Иордания, Үндістан, Ирак, Қазақстан, Катар, Канада, Ливан, Моңғолия, БАӘ, Ресей, Судан, Сенегал және Түркия елдерінің спортшылары қатысады, қатысушылар U11, U13, U15, U17 және U19 жас санаттарында бақ сынайды.

Қазақстан құрамасы сапында турнирге: Мария Лукьянова, Олег Яковлев, Осман Махметсұлтан, Злата Стадник.


Талап Койбагаров