Еліміздің бірінші ракеткашысы Кирилл Герасименко Әлемдік турға, ірі халықаралық жарыстарға дайындығын жалғастыруда. Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенко (Австрия) былай дейді: «Пекин «Xian Nong Tang» спорт Академиясында ойынның түрлі салаларымен азия мектебінің ойыншыларымен жақсы жаттығуда. Жаттығу күніне 3 рет қарқынды жүруде. Жаттығу үрдісінің жағдайы өте жақсы. Үш дүркін олимпияда чемпионы, бірнеше дүркін әлем чемпионы, Әлем Кубогының иегері және Азия чемпионы Ма Лонг осы Академиядан шықты.
Қытайдан кейін біз Лацио аймағында орналасқан итальян қаласы
Формияға бет алдық және енді еуропа ойындарының стиліне бейімделеміз. Италия,
Ресей және Австрия теннисшілерімен жаттығамыз. Мұнда жақын маңдағы жылдам және
белсенді ойындарға негізгі екпінді түсіреміз. Сондай-ақ, физикалық
дайындықтарға көп уақыт бөлеміз. Кирилл жайлап жақсы формаға енуде және өзінің ойын түрін
жандандыруда. Келесі аптада Германия құрамасымен бірге Дюссельдорфта дайындықты
жалғастырамыз».
Суретте оң жақтан
бірінші Дмитрий Левенко, оң жақтан төртінші Кирилл Герасименко.
Талап Қойбағаров