Павлодарда "Jenimpaz" үстел теннисі орталығы базасында жаңа клуб жұмыс істей бастады, ол орталықпен аттас символикалық атауға ие болды. "Jenimpaz" клубының негізгі мақсаттары Павлодар облысында үстел теннисін дамыту және насихаттау, жергілікті спортшыларды республикалық және халықаралық турнирлерге дайындау, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік спорт клубтарымен байланыс орнату және дамыту болып табылады. Республикалық турнирлерде жақсы нәтиже көрсеткен Павлодар облысының мықты спортшылары клуб үшін өнер көрсетеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ, клубтың негізгі құрамымен бірге жаттығу сабақтарына жас атлеттерде тартылатын болады. Жаңа спорт клубының ашылуына Павлодар облысының Үстел теннисі Федерациясы бастамашы болды.
- "Спортшылардың шеберлік
деңгейін арттыру үшін жоғары бәсекелестік бар жарыстарға үнемі қатысу қажет.
Біз бұл фактіні ескердік және сәуір айында Қазақстан Республикасының
чемпионатын өткізгеннен кейін біз облыстық федерация отырысын өткіздік, оның қорытындысы
бойынша спортшылардың өнеріне талдау жүргізілді, қателіктер бойынша жұмыстар атқарылды,
проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары анықталды. Осылайша біз спорттық
нәтижелерге қол жеткізу үшін бірқатар реформалар жүргізу керек деген шешімге
келдік. Біздің қадамдарымыздың бірі қаламызда үстел теннисі клубының ашылуы
болды. Нәтижелерден басқа, біздің алдымызда үстел теннисімен айналысатын
адамдар арасында бұқаралықты дамыту міндеті тұр. Біз клубтың ашылуымен облыста
салауатты бәсекелестік орнайды және көптеген балалар спорттың осы түрімен
айналыса бастайды деп күтеміз және бұл клубқа кіруге деген үлкен ынталану
болады", - деді Павлодар облысы Үстел теннисі Федерациясының президенті Асхат Қалиев.
Жаңа спорт клубы өз есігін ашуға
дайын. Орталық 15 үстелмен жабдықталған, сондай-ақ кәсіби еден жабыны бар.
Клубтың ыңғайлы орналасуы қатысушыларға үстел теннисімен ешқандай шектеусіз
айналысуға мүмкіндік береді, өйткені Орталық барлық қажеттіліктермен жабдықталған.
Естеріңізге сала кетейік,
"Jenimpaz" үстел теннисінің заманауи орталығы Павлодарда 2021 жылдың
желтоқсан айында ашылған болатын. Орталық (ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының
барлық талаптарына сәйкес келеді және жаттығу жиындарын да, елдің кіші ракетка
шеберлерінің жарыстарын да қабылдайды. Қазіргі уақытта үстел теннисі орталығында
250-ге жуық бала жаттығады, оларды білікті тәлімгерлер жаттықтырады.