Тамыз айының 13 мен 18 аралығында Нейпьидо қаласында (Мьянманың астанасы) үстел теннисінен жасөспірімдер және кадеттер арасындағы 24-ші Азия Біріншілігі өтеді. Әлемнің және құрлықтың мықты құрамалары Қытай, Жапония, Корея, Сингапур, Гонконг қазақстандық теннисшілердің қарсыластары болады. Біздің командамыздың дайындық кезіндегі көңіл-күйлері қалай екен? Осы сұрақты мен Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Евгений Тимченкоға қойдым.
Евгений Тимченко: Біз өте жақсы
көңіл-күймен Азия біріншілігіне дайындалып және барғалы жиналып жатырмыз.
Әйгілі командалармен жарысқа түскіміз келеді және біз, лайықты ойын
көрсететінімізге сенімдімін. Қазір біздің жасөспірімдер мен кадеттеріміз
спорттық жағынан жақсы дайындалған, ынтамен жаттығуда.
Сұрақ: Алматыдағы оқу-жаттығу жиынында (ОЖЖ) қазақстандықтар «ОТМК» (Орал тау-метталургия компаниясы,
Екатеринбург қ.) теннисшілерімен бірге дайындалды. Мұндай әйгілі команданы
спаррингке шақыру қалай қолдарыңыздан келді?
Евгений
Тимченко: Біз бұл командамен
баяғыдан достық қатынастамыз және негізінде оларға жиынға баратынбыз, онда
үстел теннисіне арналған керемет база бар. Өткен жылы «ОТМК» жаттықтырушылары
мен спортшылары Іле Алатау бөктерінде орналасқан AIBA Бүкіләлемдік бокс
Академиясының сапорттық кешенінде болған еді, және олар біздеде ОЖЖ өткізуге
қолайлы жағдайлар бар екендігін көрді. Біздің балалардың дайындық деңгейлері
жақсы, сондықтан да ресейліктерге осында жұмыс жасауға қызықты болды, олар
тағыда Қазақстанға келді. Биылғы жылы біз бірге AIBA-ның жаңа кең залында 18
ойын үстелдерінде жаттығулар өткіздік.
Сұрақ: Қазақстандықтар ресейліктердің жанында қалай көрінді?
Евгений Тимченко: Қарсыластар өте
мықты. Өткен жылы Свердловск облысында өткен ОЖЖ Айдос Кенжеғұлов, Бақдәулет
Әкімәли және Ескендір Харки ресейліктерге үлкен есеппен жеңіліп қалған болатын.
Осы жиында біз олармен бірдей деңгейде болдық. Әрине, алаң иелері болсақта,
алайда тартысты мықты күрес болды.
Сұрақ: «ОТМК» спортшылары Еуропада,
Қытайда көп жаттығады, олар үнемі қозғалыста және олардың қызықты нәрселерін
мен өзіме белгілеп қойдым. Біз жуықта Қазақстан құрамасының
жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенконың (Австрия) басшылығымен ОЖЖ өткіздік
және үстел теннисінің заманауи үрдістерін көз алдымыздан жібермейміз.
Сұрақ: Азия біріншілігі жасөспірімдер
мен кадеттер арасында өтеді, сіз кімге көп сенім артасыз?
Евгений Тимченко: Екеуі де жақсы ойын көрсететіндеріне мен сенімдімін. Нейпьиде
өнер көрсететін Қазақстан Құрамасының мүшелерін көрсетемін («Патша елі»
сөзбе-сөз аудару): жасөспірімдер – Айдос Кенжеғұлов, Бақдәулет Әкімәли, Ырысбек
Артұқметов, Бейбол Сағын, қыздар – Зәуреш Ақашева, Алина Борисюк, Сарвиноз
Мірқадірова, кадеттер – Ескендір Харки, Сағантай Құрмамбаев, кадеттер – Анель
Бақыт, Ангелина Романовская.
Талап Қойбағаров