ОЖЖ қызу өтіп жатыр

25.11.2020

"Ақ бұлақ" олимпиадалық орталығының базасында үстел теннисінен Қазақстанның ұлттық, жастар командаларының арнайы және жалпы дене дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиыны (ОЖЖ) өтуде. Тәлімгерлер Эльмира Әлиева, Дмитрий Переверзев, Евгений Тимченко ОЖЖ-ға Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Павлодар облыстарынан 23 спортшыны шақырды. Біздің құраманың аға жаттықтырушысы Дмитрий Переверзев әңгімелейді: "ОЖЖ-ның негізгі міндеті - теннисшілердің техникалық-тактикалық дайындығын жақсарту болып табылады, оларды 2021 жылғы жарыстардың алдында оңтайлы спорттық күйге келтіру: Қазақстан құрамасына іріктеу турнирі, республика чемпионаты, әлем чемпионаты, Олимпиадаға біліктілік, Ресей командалық чемпионаты, халықаралық турнирлер. Жаттығу барысында ұпай ұтысы кезіндегі шешім қабылдау жеделдігі мен жылдамдық қасиеттерін жақсартудамыз. Біз төзімділік және допты үстелге тигізудің жүйелілігі бойынша, қорғаныстан шабуылға тез арада көшу бойынша жұмыстар жасаудамыз. Жиынға барлығы жақсы спорттық күйде келгенін атап өткім келеді. "Ақ бұлақ" олимпиадалық орталығындағы жағдай тамаша: кең зал, 14 ойын үстелі бар. Таңертеңгілік жаттығу 3 сағат, түстен кейінгі жаттығу 3 сағат және кешкі астан кейінгі жаттығу 1 сағат бойы өтеді. Жаттығу құрылғысы бар залдар, сауна, бассейн жоспарланған".

Талап Қойбағаров