Өз мүмкіндіктеріне қарай ойнады

04.10.2026

Бейжіңде әлемнің ең мықты үстел теннисі шеберлері қатысып жатқан ең беделді турнирлердің бірі - «WTT China Smash 2026» өтуде. Жарысқа қатысушылар 2 050 000 АҚШ доллары көлеміндегі жүлде қоры мен 2000 рейтингтік ұпай үшін бақ сынауда.


Қазақстан намысын бұл турнирде Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Зауреш Акашева қорғады. Спортшыларымыз жарыстағы өнер көрсетулерін аяқтады.

Ерлер арасындағы жекелей разряд, 1/32 финал.
Кирилл Герасименко - Ан Джэ Хён (Корея Республикасы) 2:3.

Іріктеу кезеңі, 1-айналым.
Алан Құрманғалиев - Чан Болдуин (Қытай Гонконгы) 1:3.

Әйелдер арасындағы жекелей разряд.

Іріктеу кезеңі, 1-айналым.
Зауреш Акашева - Мариам Альходаби (Мысыр) 3:2.


Іріктеу кезеңі, 2-айналым.
Зауреш Акашева - Салли Мойланд (АҚШ) 3:2.

Іріктеу кезеңі, 3-айналым.
Зауреш Акашева - Лю Цзилинь (Қытай) 0:3.


Талап Койбагаров