Өз күшіңе сенсең сонда нәтиже келеді

05.05.2018

Шведтің Хальмстад қаласындағы үстел теннисінен өтіп жатқан командалық әлем чесмпионаты мықты айналымда. Американдықтармен кездесу ойыны тек қана екі кездесіп жатқан командаға ғана принципті болған жоқ, сонымен қатар ол ойын иран және испан спортшыларына да маңызды болып келді. Жеңіске жеткен жағдайда біз тобымыздағы бірінші орыннан турнирлік кестеде 25 орыннан 36 орынға жылжушы едік. Жеңіліс тапқан жағдайда 37-48 орындарға төмен кетіп, біздің қарсыластарымыз Иран, АҚШ, Испанияны жоғары қарай өткізіп жіберуші едік. Мұны жақсы түсінген Кирилл Герасименко, Денис Жолудев және Тимур Келбұғанов бүкіл жауапкершілікпен және жауынгерлік көңіл-күймен ойын алаңына шықты. Кирилл, Юджин Фенгті 3:1 есебімен жеңіп, кезекті рет құраманы алдыға тартты. Денистің қарсыласы 17-жастағы Канак Ша болды. Ол өте елгезек жас жігіт, тамаша техникасымен, оған қазақстандық еш бейімделе алмады. Есеп 0:3. Тимурға қарсы американдықтар 15-жастағы Нихил Құмарды қойды. Бірінші партия Тимур Келбұғановтың пайдасына шешілді және кездесудің қолайлы нәтижесіне үміт пайда болды. Минуттық үзілістен кейін Нихил Құмарды тіпті тану қиын болды – оның барлық доптары нысанаға дәл тиіп, Тимурдың шабуылдарына сәтті тойтарыс берді, өзі аз қателесіп ол АҚШ-ты алдыға шығарды 2:1. Төреші алаңға Кирилл Герасименконы және Канак Шаны шақырды. Кирилдың жеңіске жететініне ешқандай күмән болған жоқ еді алайда бұл сенім бізге керісінше болды. Канак Ша бәріне және өзіне, әйгілі қазақстандықтан кем ойнамайтынын дәлелдеу керек деп шешті және бүкіл жекпе-жекті жоғары дәрежеде өткізді. Кирилл ұрады, Канак тойтарыс береді. Кирилл тағы да қаттырақ ұрады, Канак қайтадан сенімді түрде «өз қақпасын қорғайды». Ия, бүгін біздің күн емес. Есеп 1:3 Қазақстан алдыға Иран, АҚШ, Испанияны жіберді. Республика құрамасының бапкер-кеңесшісі Дмитрий Левенконың (Австрия) пікірі : Балалар өте жеңіске жеткісі келді, алайда қарсыласы олардан жақсы ойнады. Кирилл американдықтардан мықты екендігін түсініп көріп тұрды, өз күшіне сенімді болды, алайда ойын барысында, әсіресе Канак Шакпен, өз ойынын қайта құралмады, қарсыласын өте алысқа жіберіп және оны қуалап қателіктер жіберіп отырды. Денис Жолудев соңғы айларда кәсіпқойлар сияқты өсті, ол мықты теннисшілерге қарсы күн сайын мықты ойын көрсетті, бірақ жекелеген сәттерде әлі техникасы ақсап жатыр. Шешуші, жауапкершілікті кездесулерде оны техникалық дайындығы артқа тартты. Тимур Келбұғанов ойынның белгілі бір сәттерін «тамаша» өткізеді, содан кейін сәтсіздік басталады. Бірінші партияны сенімді түрде жеңіп және сондай-ақ сенімді түрде бүкіл кездесуді ұтылып қалуы да мүмкін. Және керісінше, ұзақ еріктейді, бірақ содан кейін тез жүреді. Дениске, Тимурға техникаларын жақсартып, өз күштеріне сеніп көп жаттығу керек, және сонда жақсы нәтижелер көрінеді».

Қазақстанның әйелдер құрамасы (Анастасия Лаврова, Зәуреш Ақашева, Наталья Сладкова, Айя Әлімбаева) Ливанды 3:0 есебімен жеңіп, өз тобында 2 орын алды және Норвегия командасымен 49 дан 60 орындар үшін кездеседі.


Талап Қойбағаров, Хальмстад қ.