Өз бетімен жұмыс істеуге үйрену

21.06.2018

Елдің ұлттық құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі, тәжірибелі маман Дмитрий Левенконың (Австрия) басшылығымен Алматыда өткен Қазақстанның шағын ракетка шеберлерінің оқу-жаттығу жиыны өз мәресіне жетті. Он күн бойы кадеттер, жасөспірімдер, жастар және тәжірибелі теннисшілер оқу-жаттығу процесіне тереңінен бойлады, өздерінің дене дайындықтарын жақсартты, техника және тактикаларымен жұмыс істеді, бір сөзбен айтқанда заманауи үстел теннисін ойнады.

Сұрақ:Дмитрий, балалар алғашқы екі күнде қандай еді және жиынның оныншы күні қандай болды?

Дмитрий Левенко: Алғашында ойыншылар көп қателіктер жасайтын, концентрациясы әлсіз еді, доп үстелде тұрмайтын, қарқындылығы жеткіліксіз болды. Физикалық тұрғыда әлсіз көрінетін, тез шаршайтын. Содан кейін біз жұмыс істеген нәрсенің үстінен ырғақ жиналды, бұл нәрсе жиын соңында өзін көрсетті. Мен өте ризамын, себебі бір жиынның ағымында нәтижелер көріне бастады. Ойыншылар өздерінің бұданда көп және жақсы істей алатындарына көздері жетті. Оқу-жаттығу жиынының мақсаты орындалды!

Сұрақ: ОЖЖ он күн – бұл көп пе, аз ба, әлде қалыптыма?

Дмитрий Левенко: Бұл барлығына қатысты. Кез келген ОЖЖ бұл процестің бір бөлігі ғана, негізгінің барлығы жиыннан кейін болады. Бұл балалардың жеке жаттықтырушысымен күнделікті жеке жұмысы және көп нәрсе ойыншының өзіне, оның өзі не істей алатындығынабайланысты. Әзірге мен олардан тек қана арналған үстелге дәл түсуді, қозғалыстарды дұрыс орындауды, дағдылануға талап еттім.Мен талап еттім, олар бәрін жасады және жасау керек, өйткені ертең спортшылар осының барлығын өз беттерінше жасап үйрену керек.

Менің спортшыларға тілерім? Олар өздерінің спорттық мәселелерін, сұрақтарын шеше алатындықтарын түсінуі керек. Олардың қалай жаттығатыны, қалай дайындалатыны, қалай айналысатыны, тек олардың өздеріне ғана байланысты, ал жаттықтырушылар тек көмектеседі.

Менің жаттықтырушыларға тілерім? Олардың ойыншылары өз беттерімен жұмыс істеуге үйренуді.



Талап Қойбағаров