Шығыс Қазақстан облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасы бастығының бұйрығымен үстел теннисінен аға жаттықтырушы болып Кирилл Сотник тағайындалды - ол Әлем және Азия чемпионаттарының қатысушысы, жеке есептегі ел чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері, республиканың жұптық разрядтағы 3 дүркін чемпионы, ҚР Кубогының 3 дүркін иегері, жасөспірімдердің ТОП-12 жеңімпазы, жұптағы ҚР Спартакиадасының қола жүлдегері, спорт шебері.
Шығыс Қазақстанның үстел теннисі алдыңғы қатарда, ал Денис Жолудев, Сағантай
Құрмамбаев, Сергей Коновалов сияқты спортшылар ел біріншіліктері мен
чемпионаттарының, республикалық және халықаралық жарыстардың медальдарын ұдайы
жеңіп алуда. Кирилл Олеговичтің алдында бұрынғы жетістіктерді көбейту, жаңа
чемпиондарды дайындау міндеті тұр.
Қойылған мақсатты іске асыруда сәттілік тілейміз
Талап
Қойбағаров