1, 2 және 3 қазанда "Алматы Арена" Мұз Сарайы үстел теннисінен "Оңтүстік Астана" XXI халықаралық турнирінің қатысушыларын қабылдайды. Қазақстанның ұлттық, жастар, жасөспірімдер құрамаларының мүшелері бір-бірімен ғана емес, сонымен қатар Әзірбайжан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің мықты қарсыластарымен де жарысатын болады. Үстел теннисінің жанкүйерлері командалық есептегі Ресей чемпионы Илья Березиннің, жастар арасындағы Ресей чемпионы Руслан Алчимбаевтың, жұптық разрядтағы Өзбекстан чемпионы Эльмұрат Халықовтың, Өзбекстан кубогының иегерлері Геннадий Левченко, Станислав Тянның, "ОТМК-Резерв" клубының теннисшілерінің (Екатеринбург), қазақстандықтар Денис Жолудев, Тимур Келбұғанов, Анастасия Лаврова, Зәуреш Ақашева, Бекұлан Жамал, Дастан және Айдос Кенжеғұловтардың, Бақдәулет Әкімәли, Сарвиноз Мірқадірова, Ангелина Романовская, Сағантай Құрмамбаев, Ескендір Харки, Алан Құрманғалиевтің ойындарынан ләззат алатын болады.
КЕСТЕ:
01 Қазан
10.00-әйелдердің
алдын ала ойындары
13.00 - "Оңтүстік
астана" турнирінің салтанатты ашылуы
13.30-ерлердің
алдын ала ойындары
02 қазан
10.00-әйелдер
арасындағы жарыстың финалдық бөлімі
13.30-ерлер
арасындағы жарыстың финалдық бөлімі
03 Қазан
10.00-ерлер мен әйелдердің
финалы
14.00 - "Оңтүстік
астананың" чемпиондары мен жүлдегерлерін марапаттау
Талап Қойбағаров