Алматыда «Оңтүстік астана» атты үстел теннисінен жиырмасыншы халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Үш күн бойы 110 астам спортшылар бір жарым миллион теңгені құрайтын жүлде қоры және медаль үшін шайқасқа түсті. Әйелдер финалының алдында көрермендер, қадірлі қонақтар, турнирге қатысушылар үшінші орынға ие болу жекпе-жегін тамашалады, онда қазіргі Қазақстанның чемпионы Анастасия Лаврова және өз жас санатындағы елдің бірнеше-дүркін чемпионы, Алматыдағы «Hopes Week» чемпионы 14-жастағы Мархабо Мағдиева шайқасқа түсті. Анастасия бірден іске көшті және 15 минут шамасында партияларда алдыға ұмтылып шықты 3:0. Жеңіс қолда тұрғандай көрінді, бірақ жас Мархабо төртінші сетте есепті қысқартып кездесу нәтижесін өз пайдасына шешпек болды. Тәжірибелі Лаврова өз қарсыласын қателіктерден ұстады және 4:1 есебімен кездесуді жеңіп алды, сондай-ақ қола жүлдеге иеленді.
Спорт шеберлері Қазақстанның және Өзбекстанның жетекші
теннисшілері Зәуреш Ақашева (Қарағанды), Кәмила Халикова (Ташкент).финалда
кездесті. Жекпе-жектің алдында Қазақстан құрамасының бас
жаттықтырушысы Эльмира Әлиева біз Кәмиланың ойын стилін мұқият зерттедік және
қарсыласымызға біраздаған тосын сый дайындадық деп айтты. Бірінші ойында біраз
есеп айырмашылығымен Кәмила Халикова жеңді 12:10. Екінші ойында сол сияқты
біраз есеп айырмашылығымен Зәуреш Ақашева жеңді 13:11. Үшінші сет өзбек қызының
пайдасына шешілді 11:7. Зәурештің жанкүйерлері мазасыздана бастады. Айтылған тосын
сыйларыңыз қайда? Ол сіздерде барма! Келесі партияларда Ақашева ойын тактикасын
күрт өзгертті (11:6, 11:5,11:9) және «Оңтүстік астана» турнирінің чемпионы
атанды.
Ерлер финалы ресейліктерден болды. «ОТМК» (Екатеринбор)
клубының спорт шеберлері Илья Жидков және Илья Исаков алтын медалді ұтысқа
салды. Екі спортшыда титулды, Ресей қалаларының, алыс-жақын шетел құрмет
пьедесталдарына бірнеше рет шыққан спортшылар. Әдемі финалдық ойын
жанкүйерлерге ұнайды, олар өз эмоцияларын қол шапалақтап білдіреді. Исаков
алдыға сытылып шығады, Жидков қуып жетеді. Содан барлық жағдай керісінше. Төрт
партиядан кейін 2:2. Таразы басы қай жаққа басылады? Ол басын Илья Жидковтың
жағына қарай бұрды. 4:2 және ол чемпион!
Қола жүлде алматылықта, «Оңтүстік
астана» иесі Тимур Келбұғановта. Құрметті үшінші орын үшін ол Өзбекстандық
спорт шебері Элмұрат Халиковпен шайқасты. Есеп 4:1, бірақ ойын әр партияларда
қызу болды. Тимур және Элмұрат сапалы теннис ойынын көрсетті және лайықты түрде
үздік төрттікте өз орындарын тапты.
Талап Қойбағаров