ОТМК кубогын "оңтүстік астананың" чемпионы жеңіп алды

26.10.2019

Свердлов облысында, Балтым кентінің спорт кешенінде үстел теннисінен Ресей мен Қазақстанның 21 жасқа дейінгі 32 мықты спортшыларының қатысуымен ОТМК-ның (Орал тау-кен металлургиялық компаниясы) IV Халықаралық Кубогы аяқталды. Оренбургтен келген Илья Березин жеке разрядта чемпион атанды (суретте), ол қазан айының басында алматыда өткен "Оңтүстік астана" атты турнирін жеңіп алған болатын.

Балтымада біздің республикамыздың атынан Бақдәулет Әкімәли, Дастан Кенжегұлов, Ырысбек Артұқметов, Ескендір Харки өнер көрсетті, бірақ олардың бірде-бірі 16 үздіктердің арасында болмады.



Талап Қойбағаров