23-26 қазан аралығында "Балтым" кентінің спорт кешенінде (Свердлов облысы) үстел теннисінен ОТМК (Орал тау-кен металлургиялық компаниясы) кубогінің IV халықаралық турнирі өтеді, онда 21 жасқа дейінгі Ресей мен Қазақстан спортшылары өнер көрсетеді. Біздің республикамыздың атынан Бақдәулет Әкімәли (суретте), Дастан Кенжегұлов, Ырысбек Артұқметов, Ескендір Харки өнер көрсетеді, жаттықтырушысы Самат Бейсенов. Жүлде қоры 450 000 рубль: чемпион 200 000 рубль алады, ең мықты жұп 25 000 рубльден әрқайсысы.
Талап Қойбағаров