Өткен жылғы нәтижені жақсарту

28.02.2019

1-3 наурыз аралығында "Баянтау" спорт кешенінде»үстел теннисінен Суперлиганың ерлер командалары арасында Қазақстанның ашық чемпионаты өтеді. 2018 жылдың чемпионы «Астана», күміс және қола жүлдегерлер «Жетісу» (Алматы облысы), «Шолақ Терек» (Қостанай облысы) осы маусымда жоғары деңгейде өнер көрсетуге бел буды. «Хван Ман Гым» (Өзбекстан), «Павлодар», «Қостанай», «Альянс» (Бішкек), «Ақтөбе», «Шымкент» спорт клубтарының теннисшілері сондай-ақ, Қазақстанның солтүстік-шығысына өздерінің өткен жылғы көрсеткіштерін жақсарту үшін барады.

Талап Қойбағаров