5-7 сәуір аралығында Жапонияның Йокогама қаласында үстел теннисінен 100 мың АҚШ доллары жүлде қоры бар 32-ші Азия Кубогы өтеді.Турнирге жеке, мықты деген 16 ер және 16 әйел қатысады.Йокогамада болу үшін теннисшілер рейтинг бойынша «он екі» қатардың ішіне кіру керек болды, және 4 орын іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша бөлінді.Біздің Кирилл Герасименко Азия рейтингісінің жоғары позициясының арқасында лицензия алды.Жеребе тастау кезінде оның тобында болуы мүмкін қарсыластарыFan Zhendong (Қытай), Harimoto Tomokazu (Жапония), Lee Sangsu (Корея), Wong Сhun Ting (Гонконг), Niwa Koki (Жапония), Jang Woojin (Корея), Ma Long (Қытай), Chuang Chih-Yuan (Тайвань), Lin Yun-Ju (Тайвань), Achanta Sharath Kamal (Үндістан), Gnanasekaran Sathiyan (Үндістан), Alamian Nima (Иран), Ranasingha Imesh (Шри-Ланка), Wisutmaythangkoon Supanut (Таиланд), Abdulwahhab Mohammed (Катар).Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенконың пікірі: «Турнир өте күшті және көп нәрсе жеребе тартысқа байланысты.Өткен жылы Кирилдің ең мықты тобы болды, ол әлемнің бірінші ракеткасы Fan Zhendong, Жапония чемпионы Harimoto Tomokazu және үздік тайвандық теннисші Chuang Chih-Yuanмен жарысты. Кирилл бір жыл бұрын күштірек ойнады және өткен жылғы нәтижені жақсартуға тырысамыз".
Өткен жылғы нәтижені жақсарту
01.04.2019