Өтініш жасайды, қарайды, қолдайды

05.06.2020

Халықаралық үстел теннисі федерациясының Атқарушы комитеті (ITTF) 4 маусымда COVID-19 індеті жағдайында өз спорт түріндегі жағдайды талқылады. Мақсатты топтың толық есебінен кейін келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

- ITTF атқарушы комитеті Пусан қаласының Ұйымдастыру комитетіне 2021 жылдың алғашқы айларында командалық әлем чемпионатын өткізудің жаңа күндерін анықтау жөнінде өтініш білдіруде, себебі ұлттық құрамалардың көпшілігі 2020 жылдың қыркүйек айында Корея Республикасына аттануы екіталай.

- Әлем чемпионатындағы жағдай Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ауысуын ескере отырып анықталғаннан кейін, ITTF алдағы аптада өзінің 2021 жылға арналған күнтізбесін қарастырады.

- ITTF 2020 жылдың соңғы тоқсанында халықаралық жарыстарды қайта бастауға үміттенеді.

- ITTF атқарушы комитеті Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарына біліктілік жүйесін түзетуді бекітті, олар ресми түрде жарияланатын болады.

- ITTF атқарушы комитеті және WTT (әлемдік үстел теннисі) бірлесіп, COVID-19-дан зардап шеккен ұлттық федерацияларға, ойыншыларға, қорларға қаржылай қолдау көрсетеді.

- ITTF Атқарушы комитетінің кезекті отырысы 2020 жылдың 23 маусымында өтеді.

Талап Қойбағаров ITTF материалдары бойынша