Қазан қаласында 2018/2019 жылғы маусымның Суперлигасының 16 әйелдер командасы арасында Ресей үстел теннисі Федерациясының чемпионаты аяқталды.«Astana» ТТС соңғы матчында «Vermuts Miro Ganxets» (Реус, Испания) командасын 3:0 есебімен жеңіп, «МФНТ-Кадет» (Мәскеу) клубына 1:3 есебімен жеңіліп, бесінші орынды иеленді.Сегізден жеті рет жеңіс.Біздіңалда тек КНТ «Тюмень» (1 орын), «Казаночка» (2 орын, Қазан), «МФНТ-Кадет» (3 орын, Мәскеу), «ММК-Олимпия» (4 орын, Магнитогорск).Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысыДмитрий Переверзевтің пікірі:«Біздің ресейлік Суперлигада өнер көрсеткеніміз-бұл біздің федерацияның табысты жобасы.Біз шайқастық , бізбен санасты, бізбен толық салмақты ойнады және «Astana» 15 клубқа лайықты қарсылық көрсетті.
Ресейлік
чемпионаттың ерекшелігі-бұл жерде көптеген стильдер мен спортсмендердің жоғары
дайындық деңгейі бар.Жасөспірімдер ме әлде ересек теннисшілер ойын көрсетуде ме
ол мұнда маңызды емес.Қорғаушылар бар,
сол жақшабуылшы бар, аралас шабуылшы қыздар бар, яғни оң жағында тегіс жапсырма
бар, ал сол жағында тікенектер бар.Фантастикалық стильдер жиынтығы және біздің
спортшыларымыз осындай әріптестермен бәсекелесе отырып, үлкен тәжірибе алды.
Қорытынды
орынымыз бізде бесінші және көшбасшылардан біз қатты артта қалмадық.Егер Қазанның
бірінші турында Магнитогорск клубына 0:3 есебімен ұтылсақ, келесі турда 2:3,
1:3 есебімен ұтылдық, ал Суперлиганың чемпиондары «Тюмень» командасынан 2:3
есебімен ұтылыс таптық.Көп жаттығу, тұрақтылық керек және сонда турнирлік
кестенің жоғарғы бөлігіндегі қарсыластарды жеңе бастаймыз.Бүгін «МФНТ-Кадет»
(Мәскеу) клубына қарсы матчында Зәуреш Ақашева мен оның қарсыласы Карина
Корзунова әлемдік тур деңгейінің ойынын көрсетті: топ-спиндер,
сол жақ жедел шабуылдары, барлық алаң бойынша жылдам қозғалыстар.
Зәуреш Ақашева
команда көшбасшысы болып табылады және Қазанда ол 10 рет жеңіске жетіп, бір
ғана жеңіліс тапты.Настя Лаврованың жеті жеңісі, бір жеңілісі бар, Гуля Құсейінованың
теңгерімі 3-2 , 16 жастағы Алсу Сапарованың 2-2 теңгерімі бар.Алсу әлдеқайда
жақсы өнер көрсетуге мүмкіндігі бар еді, бірақ тәжірибесі жетпеді.Барлық
қыздарға жеңіске ұмтылыстары үшін, олардың іске деген көзқарастары үшін рахмет
айтқым келеді.Алдағы уақытта командаға басқа да қазақстандық жас спортшы
қыздарды тартамыз, олар тәжірибе жинап, ресейлік Суперлигада өз күштерін
тексерсін».
Талап
Қойбағаров