Отанымызға жүлделермен

03.10.2020

15 елдің үстел теннисі ардагерлері "Antalya international veteran table tennis tournament" (Түркия) XХVI халықаралық турниріне қатысты. Қазақстанның атынан спорт шебері Валентина Оспанова (Алматы), Дамир Әбілдинов (Нұр-Сұлтан), Дмитрий Горбенко (Алматы) өнер көрсетті және барлығы отанымызға жүлделермен оралып келе жатыр. Дамир өз жас санатында үшінші орын алды, Дмитрийдің жұптық разрядта екінші нәтижесі бар. Валентина Оспанованы ерекше атап өткіміз келеді, ол төрт медальға ие болды: үш алтын және бір күміс. Абсолютті турнирде (мұнда жас шектеуінсіз ойнайды) біздің теннисшіміз алдымен кіші топта 3:0 есебімен үш бірдей жеңіске жетті, содан кейін финалда ресейлік және украиндық теннисшілерді 3:0 есебімен сенімді түрде ұтып кетті. Бірінші орын үшін матчта біздің теннисшіміз украиналық ойыншыдан 2:0 есебімен алдыда келе жатты, бірақ қарсыласы есепті 2:2-ге теңестірді, бірақ қорытынды партияда Валентина Оспанова 11:7 есебімен басым түсті.

Жеке есепте өзінің жасы бойынша чемпиондық титул алматылықта. Үшінші "алтынды" Валентина ардагерлер арасындағы әлем чемпионы - Игорь Ралдугинмен (Ресей) бірге аралас жұпта алды.

Әйелдер арасында жұптық разрядтағы "күміс" жүлде Валентина Оспанова - Наталья Галкинада (Украина). Құттықтаймыз!


Валентина Оспановада үш "алтын" және бір "күміс" жүлделері бар


Дамир Әбілдинов үшінші орын алды


Үшінші "алтынды" Валентина Оспанова - Игорь Ралдугинмен (Ресей) бірге аралас жұпта алды


Талап Қойбағаров