Алматыда жоғарғы лигадағы ерлер командалары арасындағы үстел теннисінен Қазақстанның Ашық чемпионатының бірінші кезеңі (екінші тур) аяқталды. Тоғыз коллектив сегіз матчтан ойын көрсетті, Супер лигаға жолдаманың тағдыры «Азия Микс (Бішкек) – «Қостанай» қарсыластығында шешілді. Әлішер Яқұпбаев Қанат Қонқұбаевты жеңіп қырғызстандықтарды алдыға шығарды 3:0. Ойнаушы жаттықтырушы Ғаип Данияров 3:0 есебімен Ақылбек Қасымовты жеңіп матчтағы есепті теңестірді. Данияр Ескендіров Талғат Сағындықовтан мықтырақ болды 3:1. Ерлер жұптары ойынында «Азия Микс» теннисшілерінің жалпы есебі 2:2 болды. Ары қарай өз командаларына ұпайды Ғаип Данияров және Талғат Сағындыков алып берді. 3:3 және Супер лигаға жолдаманы Данияр Ескендіров (Қостанай) – Ақылбек Қасымов (Бішкек) ұтысқа салды. Чемпионатқа қатысушылар, жанкүйерлер, қорытынды жетінші партияға дейін, соңғы ұпайға дейінгі нәтиже белгісіз болғанданағыз Финалдың күәгерлері болды. Ақылбек матчты жылдам бастайды, партияларда озып кетеді 2:0. Данияр қарсыласын қуып жетті 1:2. Жалпы есеп3:1, Ақылбек төртінші сәтте 8:4 есебімен алдыда келеді және «Азия Микс» бүгін көптен күткен жолдаманы ұтып Бішкекке қарай алып кетеді деген сенімділік болды. Алайда, қостанайлықтар үшін шын мәнісінде Данияр Ескендіровтың атынан ғажайып болды, ол ойынды теңестіріп, содан кейін жеңіске деген жігерін көрсетіп, есепті өзінің пайдасына4:3 қылды. «Қостанай» клубы Супер лигаға шықты, ал «Азия Микс» қыркүйектің басында Қазақстан чемпионатының элиталы дивизионда ойын көрсету үшін өтпелі матч өткізеді.
Әлішер Яқұпбаев (Бішкек, Қырғызстан) турдың үздік ойыншысы атанды.
Екі турдың нәтижесі бойынша үшінші орында «Орал» (Орал қ.), ал бұдан кейін «Ардагер»
(Алматы), «Шымкент», «Каспий» (Ақтау), ОРМБЖМ (Түркістан облысы), «Арыстандары»
(Шаңырақ шағын ауд, Алматы), «Ертіс» (Павлодар), «Хван Ман Гым-2» (Өзбекстан).
Талап Қойбағаров