Бүгін Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов және Қазақстан Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин барлық әлемдік стандарттарға сай келетін үстел теннисінің жаңа орталығын салтанатты түрде ашты: жалпы ауданы 9500 ш. м. астам, 18 теннис үстеліне арналған жарыс залы, 40 үстелге арналған жаттығу залы, кәсіби едендік жабын, көрермендерге арналған 384 орындық мінбелер.
Бұдан басқа, орталықта медициналық орталық, қалпына
келтіру және массаж кабинеттері, тұз бөлмесі, тренажер залы, конференц-зал,
спортшылардың демалыс бөлмесі, шешіну бөлмелері, сауна және әкімшілік блок бар.
Аталған спорт кешенінде республикалық және (ITTF)
Халықаралық үстел теннисі федерациясының турнирлерін, сондай-ақ жақын және алыс
шетелдердің қатысуымен оқу-жаттығу жиындарын өткізуге болады.
Облыс әкімі бұқаралық спортты дамытудың, дене
шынықтыру және спортпен айналысатын халықты қамтуды ұлғайтудың маңыздылығын
атап өтті, сондай-ақ Орталықтың салауатты өмір салтын насихаттауға, аймақтағы үстел
теннисін дамытуға және танымал етуге ықпал ететініне сенім білдірді. Өз
кезегінде, жаттығу барысын жақсарту үшін республикалық федерацияның президенті үстел
теннисі орталығына 3 кәсіби робот-тренажер сыйға тартып, спортшылар мен жаттықтырушыларды
ашылуымен құттықтады.
Данияр Әбілғазин:
"Сіздерді барлық халықаралық стандарттарға сай келетін жаңа Үстел теннисі
сарайының ашылуымен құттықтағым келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт
Кемелұлы Тоқаев тапсырғандай, бірінші кезекте бұқаралық спорт туралы ойлау
және қолайлы жаттығу жағдайларын жасау қажет, осыған байланысты елімізде үстел
теннисінің 5 сарайы салынды. Бірақ бұл спорт кешені медициналық және қалпына
келтіру блогы қарастырылған ең үлкен және озық кешен екенін атап өткім келеді.
Мен облыс әкімі Даниал Ахметовке аймақтағы үстел теннисін дамытуға жағдай жасағаны
үшін алғысымды білдіргім келеді. Болашақта Шығыс Қазақстан облысының
спортшылары республикалық спорт аренасында ғана емес, халықаралық аренада да үлкен
жеңістерге жетеді деп ойлаймын!»
Айта кетейік, соңғы жылдары әкімдіктердің қолдауымен және демеушілік қаражат есебінен Қарағанды, Тараз, Павлодар және Алматы қалаларында үстел теннисінің заманауи орталықтары ашылды, ал ағымдағы жылы Ақтөбе мен Шымкентте осыған ұқсас спорт нысандарының құрылысы аяқталады.