Шымкент қалалық үстел теннисі федерациясының демеушілігімен «Қосана» балабақшасында үстел теннисі секциясы ашылды.Балалар алғашқы партияларын ерекше ықыласпен ойнап, бұл қызықты спорт түрінің негіздерімен танысты. Олардың жүзіндегі қуаныш пен қызығушылық – үстел теннисіндегі сапарларының сәтті басталғанының жарқын дәлелі болды. Мұндай игі бастамалар салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа деген сүйіспеншілікті балалық шақтан бастап қалыптастыруға ықпал етеді.
Видео: https://www.instagram.com/p/DI30ThAoZrL/?hl=ru