Алматыда Республикалық үстел теннисі Федерациясының жылдық конференциясының отырысы өтті, онда Федерацияның 2025 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша есепті, 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын және тексеру комиссиясының есебін тыңдап, бекітті.
Спикерлер ретінде Федерация президенті Данияр Абулгазин, Федерацияның вице-президенттері Елсияр Канагатов
және Жаннур Калигожин, бас хатшы Данил Пак, атқарушы директор Данияр Ахметов сөз сөйледі.
Конференция аясында қол жеткізілген
нәтижелер атап өтілді. Атап айтқанда, республикалық Федерация әкімдіктермен, өңірлік федерациялармен және серіктестермен
бірлесіп үстел теннисінің арнайы орталықтары мен залдарын салу және
дамыту, елдің өңірлерінде, ауылдық жерлерде инфрақұрылым және спортпен шұғылдану желісін кеңейту,
жаттықтырушылар мен спорт төрешілерінің біліктілігін арттыру, балалар мен жасөспірімдер
және бұқаралық спортты дамыту бойынша жүйелі
жұмыстар жалғастырылуда.
Үстел теннисін ілгерілету, сондай-ақ
Федерация қызметін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету мақсатында спорттық
іс-шараларды, жаңалық сюжеттерін және репортаждарды таратуды көздейтін
"Sport Plus Qazaqstan" медиа тобымен ынтымақтастық туралы Меморандумға
қол қойылды.
2025 жылы Федерация ойын тәжірибесін
дамытуға және елдегі турнирлерді ұйымдастыру деңгейін арттыруға бағытталған 53
республикалық және халықаралық жарыстар өткізді.
2025 жылдың басты оқиғасы Қазақстанның
Астана қаласында 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығын алуы болды. Мәселен,
2025 жылғы 27 мамырда (ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының Бас Ассамблеясының отырысы шеңберінде
2027 жылғы әлем чемпионатының ұйымдастырушы елін анықтау бойынша дауыс беру өтті.
Дауыс берудің финалдық раундының қорытындысы бойынша Қазақстан 111 дауыс
(54,68%) жинап, – 92 (45,32%) дауыс алған Франциядан озып, 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығын
жеңіп алды.
Бүгінгі таңда әлемдік форумға
дайындық бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. "Барыс Арена" спорт
нысандары мен "Qazaqstan" жеңіл атлетикалық спорт кешені, сондай - ақ
қонақ үй инфрақұрылымы анықталды.
2026 жылғы әлем чемпионатын өткізу
кезінде Лондонда әлем чемпионатын өткізу туын табыстаудың ресми рәсімі
жоспарланған, оған біздің делегация қатысады.
ҚР Ұлттық командасын Лондон-2026-ға
дайындау шеңберінде шетелдік жаттықтырушы-кеңесші Беларусь Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы,
КСРО спорт шебері, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Владимир Самсоновтың тәлімгері Александр Николаевич Петкевичті тарту туралы уағдаластыққа қол
жеткізілді. Оның тәжірибесі қазақстандық спортшылардың спорттық шеберлігін
арттыруға мүмкіндік береді.
Конференцияда алдағы кезеңге арналған
жаңа мақсаттар мен міндеттер, қазақстандық үстел теннисін дамытудың басым бағыттары
және одан әрі өсіру қадамдары
белгіленді.
Талап Қойбағаров

