«Бурабай» мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Тахир Шәкеновтың бұйрығымен Ақмола облысының Атбасар қаласында Үстел теннисі бөлімі ашылды және кіші ракетканың жас шеберлері үшін олимпиадалық спорт түрімен жыл бойы тұрақты түрде айналысуға жағдайлар жасалуда. Жаттығулар №1 жалпы білім беретін мектептің залында өтеді және тәлімгерлердің алдына мынандай орындауға болатын міндеттер қойылды: кадет, жасөспірімдер, жастар, қала мен облыстың негізгі құрамалары үшін резерв дайындау, өңірде үстел теннисін танымал ету, салауатты өмір салтын насихаттау. Республикалық үстел теннисі Федерациясы өз тарапынан Атбасарға доп, қоршау тосқауылдарын, теннис үстелдерін жіберді.
Талап Қойбағаров