Орынбордан құр қол келген жоқпыз

06.11.2018

Орынборда Ресей үстел теннисінің орталығында Виктор Степанович Черномырдинді еске алуға арналған ардагерлер арасында ашық қала біріншілігі болып өтті. Жарысқа Самар, Челябі, Орынбор облыстарынан, Башқұртстан Республикасы, сондай-ақ біздің республиканың Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарынан 70-тен аса теннисшілер қатысты. 40-49 жас санатындағы Олег Строев («күміс», Орск қ.) пен Сергей Макаровты («алтын», Орынбор қ.) алға жіберген Орал қаласынан споротшы Бейбіт Ықласов(суретте)қола медальді жеңіп алды. Құттықтаймыз!

Руслан Мурзагалиев