Алматы қаласының жазғы спорт түрлері бойынша олимпиадалық резервтерді даярлау орталығы кіші ракетканың дарынды шеберлерімен толықты: Оңтүстік астана спорт басқармасының бастығы Рүстем Байсейітовтың бұйрығымен үстел теннисі бөлімшесі ашылды. Енді Алматы-Қазақстанның жасөспірімдер, жастар құрамасына үміткерлер тәжірибелі тәлімгерлердің мұқият бақылауымен өз шеберліктерін арттырып, техникалық-тактикалық дайындық деңгейілерін жақсартады. Орталық бөлімшесі оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру және оларды өткізумен, республикалық, халықаралық деңгейде табысты өнер көрсету үшін келешегі бар спортшыларды іріктеумен айналысады.
Талап Қойбағаров