Орталық Азияның үміті

25.12.2019

Наманғанда (Өзбекстан) Халықаралық үстел теннисі федерациясының маманы Дмитрий Левенко Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстанның жас ракетка шеберлерінің қатысуымен Орталық Азия аймағындағы "Central Asia Regional Hopes and Cadet Week & Challenge" оқу-жаттығу жиынын (ОЖЖ) өткізуде. Осы беделді спорттық форумда еліміздің намысын түркістандықтар Абдұлла Мамай, Нұржігіт Жолдыбай, Рамазан Нәзір, қарағандылықтар Жанерке Қошқымбаева, Виктория Мочалкина, Дарья Гамова және Петропавлдық Екатерина Пюрко қорғайды. ОЖЖ аяқталғаннан кейін 26 және 27 желтоқсанда 2008-2009 ж.т. және 2005-2007 ж. т. спортшылар арасында іріктеу турнирі өтеді, оның нәтижелері бойынша тек чемпион мен финалист "ITTF Asia Hopes Week" азиялық жиынына жолдама алады. Қазақстандықтарға сәттілік!

Талап Қойбағаров