Ортақ игілік үшін бірлескен еңбек

24.07.2019

Жастар жылы аясында "Jas Otan" жастар қанаты Алматы қалалық филиалының Co-working орталығында Қазақстан Республикасының үстел теннисі Федерациясы атынан теннис үстелін, спорттық құрал-саймандарды (ракеткалар, доптар) тапсыру рәсімі өтті. Республикалық Федерацияның бас хатшысы Данил Пак атап өткендей, мемлекеттік құрылымдармен, жергілікті атқарушы органдармен, "Нұр Отан", "Jas Otan" партиясымен үстел теннисін әйгілеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Іс - шараның басты мақсаты-елімізде олимпиадалық спорт түрін дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Өз кезегінде "Jas Otan" партиясының қалалық филиалының төрағасы Мәди Ахметов алғыс хат тапсырды және өз сөзінде "бұл біздің екінші бірлескен іс-шарамыз деп атап өтті. Ағымдағы жылдың мамыр айында "Jas Otan" партиясының мүшесі Арслан Әбілғазин (спорт шеберіне үміткер) №1 Алматы облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін үстел теннисінен "Спорт-өмір салты" атты оқыту турнирін өткізу туралы бастамамен шықты. Бұл идея "Шаңырақ" шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде, және "АЯЛА"қайырымдылық қорында қолдау тапты. Біздің ынтымақтастығымыз одан әрі нығая түседі деп үміттенемін. Жаңа теннис үстелінің жанында біз республикалық Федерацияның жастардың спорттық демалысын дамытуға қосқан үлесін әрбір адам көруі үшін тақтайша ілеміз".

Талап Қойбағаров