Талдықорғанда «Жастар-2» спорт кешенінде 2005 жылы туған және одан кіші шағын ракетканың жас шеберлері арасындағы үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты аяқталды. Барлық үлкен турнирлердегі сияқты (Олимпиада, әлем чемпионаты, құрлықтық чемпионаттар) соңғы болып ойын алаңына жеке турнирдың финалдарына қатысушылар шықты. Қыздар арасында бұл Алматы қ. «Шаңырақ» ықшамауданыреспубликалық спорт интернат-колледжінің оқушысы спорт шебері Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент) және Қарағандылық үстел теннисі мектебінің өкілі Жанерке Көшкімбаева болды. Шабуылдаушы қорғаушыға қарсы, шабуыл қорғанысқа қарсы. Матч екі спортшыға да оңай тимеді. Жанерке қорғаныста жақсы ойнады, ал өзінің мықты шабуылдарымен қарсыластарын жеңіл ұтып кететін Сарвиноз осы жолы әуреге түсті. Ал мұнда қарсыласының қорғанысындағы әлсіз жерді табу үшін тер төгу керек болды.Қызықты шайқастың есебі 3:1 (11:8, 11:6, 7:11, 11:6) және елдің абсолюттік чемпионы 13 жастағы Сарвиноз Мірқадірова болды – ол жеке, жұптық және аралас разрядтарда алтынға иеленді. Екінші орында Жанерке Көшкімбаева, үшінші орын Екатерина Пюрко (Солтүстік Қазақстан облысы).
Ұлдар
арасындағы финалда ойнағандар мықты шабуылшы Алан Құрманғалиев (Қарағанды) және
Дамир Мэлсов (Батыс Қазақстан облысы). Табанды жекпе-жек күтілгенімен, олай
болмады бір қақпаға ғана соққы болды, Алан қателік жібермеді, допты (кішкене шар бойынша) қатты және дәлдікпен тікелей нысанаға соқты.
Кездесу есебі 3:0 және Алан Құрманғалиев үшінші (командалық есептегі, жұптық
және жеке разрядтарда) алтын медальға ие болды. Күміс жүлдені Дамир Мэлсов
иеленді, «қола» жүлде Абдулла Мамайда
(Түркістан облысы).
1 орын: СарвинозМірқадірова («Шаңырақ» спортмектебі, Шымкент) – Аида Үсіпбаева
(«Шаңырақ» спортмектебі, Түркістан облысы)
2 орын: Жанерке Көшкімбаева
(Қарағанды) – Екатерина Пюрко (СҚО)
3 орын: Аружан Бекіш(БҚО)
– Назым Серікбай(Түркістан
облысы)
1 орын: Алан Құрманғалиев – Әмір Торғайбеков
(Қарағанды)
2 орын: Абдулла Мамай. («Шаңырақ» спортмектебі
Түркістан облысы) – Дамир Мэлсов (БҚО)
3 орын: Дамир Қыстаубаев (Алматы) –
Дамир Сәрсенбай (Алматы)
1 орын: Сарвиноз Мірқадірова («Шаңырақ»
спортмектебі, Шымкент) – Әмірәли Қабдылуахитов («Шаңырақ» спортмектебі,
Павлодар облысы)
2 орын: Алан Құрманғалиев – Жанерке Көшкімбаева (Қарағанды)
3 орын: Дамир Сәрсенбай (Алматы) – Екатерина Пюрко (СҚО)
1 орын: Қарағанды
2 орын:
Алматы
3 орын:
Батыс Қазақстан облысы
Қыздар.Командалық
есеп.
1 орын: Қарағанды
2 орын: Батыс Қазақстан облысы
3 орын: Шымкент