Орал мен Шымкент қуануда

22.05.2021

Қазақстанның 5-ші Жастар спорттық ойындары бағдарламасындағы үстел теннисі турнирінде командалық есептегі чемпиондар, жүлдегерлер анықталды. Сағат 10.00-де "Saryarka" (Қарағанды) орталығының алаңына батысқазақстандықтар мен алаң иелері шықты. Айдос Кенжеғұлов (БҚО) Темірлан Ким (Қарағанды) тарапынан қатты қарсылық сезінбеді және 3:0 есебімен жеңіске жетті. Санжар Жұбанов (БҚО) қарсыласу есебін екі есеге арттыруға тырысты, бірақ еліміздің қазіргі чемпионы Алан Құрманғалиев (Қарағанды) қарсыласын 3:0 есебімен оңай жеңді. Нұрдәулет Нұғай Әмір Торғайбековпен болған тартыста маңызды ұпай (3: 2 есебімен) ұтып, оралдықтарды алға шығарды. Өз командаларының көшбасшылары, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Айдос Кенжеғұлов, Алан Құрманғалиев бір-бірімен бәсекелестікте теннистің жақсы деңгейін көрсетті, төрешілерді, спортшы-әріптестерін, жаттықтырушыларды керемет ойындарымен қуантты. 3:1 есебімен Алан жеңіп, жалпы есепті теңестірді және чемпион атағы ракеткалар Санжар Жұбанов пен Темірлан Кимнің қолдарында болды. Санжар шешуші матчты сенімді ойнап, Батыс Қазақстаннан келген жолдастары Айдос Кенжеғұловпен, Дамир Мэлсовпен, Нұрдәулет Нұғаймен, Болат Ниетқалиевпен (жаттықтырушылары Сарвар Назарова, Владислав Кузьмин) бірге Жастар спорттық ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алды. Қарағандылықтарда "күміс" жүлде - Алан Құрманғалиев, Темірлан Ким, Әмір Торғайбеков, Ерғанат Сапар, Еркебұлан Кескінбаев, жаттықтырушылары Эльмира Әлиева, Александр Брижевский, Татьяна Ким. Жүлделі үшінші орында шығысқазақстандықтар Сағантай Құрмамбаев, Сергей Коновалов, Ақнұр Нұртазин, Арнұр Оралханов, Тілек Тоқтархан, тәлімгерлері Бауыржан Шайхин, Ольга Архипова, Сергей Литвинов, Анатолий Пономаренко.

Сағат 14.00-де қыздар арасындағы финал басталды Шымкент - Қарағанды облысы:

Әнел Бақыт - Александра Смирнова 3:1,

Сарвиноз Мирқадірова - Зәуреш Ақашева 3:2,

Сарвиноз Саидмұратханова - Арай Әшкеева 0:3,

Әнел Бақыт - Зәуреш Ақашева 1:3,

Сарвиноз Мирқадірова - Александра Смирнова 3:1. Бұл 1 орын үшін нағыз кездесу болды - эмоциялар шектен тыс асты, теннисшілер дайындықтың жоғары деңгейін, шеберлікті тиісті деңгейде көрсетті. Чемпион Шымкент: Сарвиноз Мирқадірова, Әнел Бақыт, Озода Азатова, Сарвиноз Саидмұратханова, Таңшолпан Шапей, жаттықтырушылары Ердәулет және Нұрлан Оразбаевтар, Миряқұб Мирасланов, Фарида Рахметова, екінші орында қарағандылықтар Зәуреш Ақашева, Александра Смирнова, Арай Әшкеева, Жанерке Көшкімбаева, Альбина Жақсылықова, жаттықтырушылары Эльмира Әлиева, Александр Брижевский, Татьяна Ким, елордалық спортшылар үшінші орында Мәлика Сандыбаева, Алиса Цвигун, Елизавета Лаврова, Елена Зубкова, Ленара Смаилова, жаттықтырушылары Руслан Жетубаев, Серік Мырзаспаев, Александр Герасименко, Нұркен Қабиденов.

Турнир жалғасуда, алдыда жұптық және аралас разрядтардағы, жеке есептегі матчтар бар.


Батыс Қазақстан чемпиондары


Шымкент қаласының чемпиондары


Нұр-Сұлтан қаласының қола жүлдегерлері

Шығыс Қазақстанның қола жүлдегерлері


Талап Қойбағаров