Open Masters Games

17.02.2026

92 елден 25000 спортшы Абу-Дабиде аяқталған «Open Masters Games» ("Ашық шеберлер ойындарына") қатысты. Ойындар 11 жас санатында 38 спорт түрін қамтыды.

Үстел теннисінде Қазақстандықтар 9 медаль жеңіп алып, табысты өнер көрсетті:


Жеке разряд.

1 орын Никанор Ким (Алматы, 65 жас +)

1 орын Валентина Успанова (Алматы, 45+)

1 орын Жанна Сейдалина (Қарағанды, 55+)

2 орын Валерий Морозов (Теміртау, 70+)

3 орын Айман Успанова (Алматы, 70+)

3 орын Игорь Медведев (Алматы, 55+)


Жұптық разряд.

1 орын Игорь Медведев/Дмитрий Горбенко (Алматы, 55+)

2 орын Никанор Ким/Сергей Харламов (Алматы/Мәскеу, 65+)


Аралас разряд.

2 орын Игорь Медведев/Валентина Успанова (Алматы).


Open Masters Games (Ашық шеберлер ойындары) - бұл төрт жыл сайын Халықаралық ардагерлер ойындары қауымдастығы (IMGA) өткізетін және халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) ресми түрде мойындайтын беделді іс-шара.


Open Masters Games ойындарының мақсаты-жасына, жынысына, нәсіліне, дініне қарамастан әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар арасындағы достық пен түсіністік рухын нығайту. Қатысуға 30 жастан асқан адамдар шақырылады, жоғарғы жас шектеуі жоқ.

Жарыстардан басқа, Open Masters Games Жаһандық байланыстар орнатуға және салауатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік береді.


Талап Қойбағаров