Төрт күн бұрын үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенко (Австрия) онлайн режимінде жарыс кезінде қалай жақсы тамақтану керектігі туралы айтып, таңғы ас, түскі ас, кешкі ас нұсқаларын көрнекі түрде көрсетті. Бүгін өздерінің ас мәзірін жаттықтырушы Ирина Анатольевна Пюрко (Петропавл) және спорт шеберіне үміткер, Қазақстан жастар құрамасының мүшесі, ел чемпионатының жүлдегері Екатерина Пюрко ұсынады.
Таңғы ас - пайдалы банан құймақтары,
жемістер мен жидектер.
Түскі ас - фрикаделькалары
бар сорпа немесе біріншіге окрошка және екіншіге тауық етіне бұқтырылған көкөніс.
Кешкі ас - саңырауқұлақпен паста.
Астарыңыз дәмді болсын!
Талап Қойбағаров