Бүгін туған күнін Шығыс Қазақстан облысының үстел теннисінен аға жаттықтырушысы, жоғары санатты ұлттық төреші, спорт шебері Ольга Архипова атап өтуде (суретте ол өз тәрбиеленушілерімен бірге).
Бала кезінде ол спорттық
гимнастикамен, баскетболмен, волейболмен, байдаркамен есумен айналысқан болатын,
ал 12 жасында бірінші рет теннис ракеткасын қолына алып, 38 жыл бойы онымен
ажыраспай келеді. Жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы халықаралық, республикалық,
облыстық жарыстарда табысты өнер көрсетіп келе жатқан өз оқушыларын мақтан тұтады
– олар спорт шеберлері Денис Жолудев, Кирилл Сотник, Максим Мухин, Дарья
Жукова, Даниил Свидерский, спорт шеберіне үміткерлер Антон Другов, Алена
Ерыгина, Арина Левушкина, Сергей Киреев, Александра Шевчук, Константин Ларионов
және басқалар.
Ольга Архипованы мерейтойымен әріптестері
құттықтайды:
Эльмира Әлиева, Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы:
"Әріптесім, керемет
мерейтойыңмен!
Тілеймін еш қайғысыз өмір сүруді!
Айналаға көңілді боп қарауды
Және тек жақсылықпен дос болуды!
Сізге тек 50 ғана қазір,
Ал сізде әлі күш баршылық,
Сізге ерекше жетістіктерді!
Және елдің мақтанышы болуды шын жүректен
тілеймін!»
Евгений Тимченко, жасөспірімдер мен кадеттер бойынша Қазақстан құрамасының
аға жаттықтырушысы: «Ольга Николаевна! Сізді мерейтойыңызбен құттықтаймын,
сізге денсаулық пен сәттілік тілеймін!».
Махатай Рамазанұлы, Маңғыстау облысының аға жаттықтырушысы: "Құрметті
Ольга Николаевна! Сізді мерейтойыңызбен құттықтаймын. Сізге мықты денсаулық және
біздің сүйікті ісімізбен айналысатын жас ұрпақты тәрбиелеу мен дайындауға табыс
тілеймін. Сізге және сіздің отбасыңызға барлық игіліктер болсын".
Сарвар Назарова, Батыс Қазақстан облысының аға жаттықтырушысы: «Құрметті
Ольга Николаевна! Сізді мерейтойыңызбен құттықтаймын! Сізге денсаулық, қуаныш,
дарынды оқушылармен ұзақ жемісті жылдарды және сіздің қасыңызда үнемі мейірімді,
сүйікті адамдардың болуын тілеймін!».
Ердәулет Оразбаев, Шымкент қаласының аға жаттықтырушысы: «Ольга
Николаевнаны мерейтойымен құттықтаймын! Зор денсаулық, амандық, мол бақыт, әрбір
істе сәттілік тілеймін!».
Лиля Магалеева, Қостанай облысының жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы: "Құрметті
Ольга Николаевна! Сізді туған күніңізбен құттықтаймын! Жұмысыңызға сәттілік, отбасыңызға
амандық тілеймін. Сізге өз ісіңіздің шебері және керемет адам болып қала беруіңізді
тілеймін!».
Талап Қойбағаров