Металл өңдейтін және керемет пышақтар жасайтын шебер қолөнершілерімен танымал Джеззин қаласында (Ливан), "WTT Youth Contender Jezzine" халықаралық үстел теннисі турнирі өтуде. 11 жасқа дейінгі жас санатында Қазақстан атынан қарағандылық Мария Лукьянова (жаттықтырушысы Александр Брижевский) лайықты өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Құттықтаймыз!
13 жасқа дейінгі спортшылар
арасында ширек финалға Дарья Фу (Қарағанды),
Айназ Әділгереева (Алматы), Мария Лукьянова (Қарағанды) жетті.
Біздің қыздар Ливанда сәтті өнер көрсетуде.
Талап Қойбағаров