Олимпиадалық спорт түрін алға бастырамыз және насихаттаймыз

07.12.2021

10, 11, 12 желтоқсанда "Saryarka" үстел теннисі орталығында (Қарағанды) Қазақстан Республикасының ашық командалық чемпионатының IV, қорытынды туры өтеді. Суперлигада 10 клуб, Жоғары лигада 23 клуб өнер көрсетеді, олар 2020/2021 маусымының чемпиондары мен жүлдегерлерін анықтайды. Мықты дивизионда "күшті алтылық қатарында" "Астана" (Нұр-Сұлтан), "Sigma" (Шымкент), "Greenwill" (Ақтөбе), КНТ "Қарағанды", "Қазаэронавигация" (Нұр-Сұлтан), "Шолақ-Терек" (Қостанай облысы) бар. Жоғарғы лигадан Суперлигаға екі жолдама үшін күресте "Sigma Shymkent" (Шымкент), "Павлодар", "Риха" (Қырғызстан), "Alga Express" (Алматы) командалары жақсы мүмкіндіктерге ие.

"Setanta Kazakhstan" спорттық телеарнасы Қазақстанның ашық командалық чемпионатынан трансляция жүргізеді. Бұл республикалық үстел теннисі федерациясының "Setanta Kazakhstan", "QSport", "Qsport League" телеарналарымен ел тұрғындары арасында олимпиадалық спорт түрін ілгерілету және танымал ету саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғаннан кейін мүмкін болды.

Анықтама:" Setanta Kazakhstan " - "Setanta Sports" ұжымындағы жаңа телеарна, ал " QSport " және "Qsport League" - ТМД елдерінің тұрғындарына арналған спорттық телеарналар.

Талап Қойбағаров