Олимпиада лицензиясының иегерлері

24.03.2021

Азия үстел теннисі Одағы Катарда 20 наурызда аяқталған олимпиадалық біліктілік турнирін қорытындылады. Аралас разрядтағы және жеке есептегі чемпиондар Токиода (Жапония) Шығыс Азияны, Батыс, Орталық, Оңтүстік-Шығыс, Оңтүстік Азияны ұсынатын болады.

Батыс Азия.

Мұнда іріктеу 2020 жылдың ақпан айында өткізіліп, таңдаулы жолдамаларды Әли Альхадрави (Сауд Арабиясы), Хенд Заза (Сирия) жеңіп алды.

Шығыс Азия.

Катарға тек моңғолдар ғана ұшып келді және олар бір-бірімен чемпиондық орындарды ұтысқа салды. Ерлер арасында ең мықтылары Лхагвасурен Энхбат, әйелдер арасында Болор Эрдене атанды.

Орталық Азия.

Төрт қазақстандық жарысқа қатысты және біздің өңірден жазғы Олимпиадаға Анастасия Лаврова барады. Ерлер атынан Нима Аламиян (Иран) қатысады.

Оңтүстік-Шығыс Азия.

Кларенс Зе Чу Сингапур финалында Пан Ю Эн Коенді сенімді түрде жеңді. Таиландтық теннисші Ораван Парананг Олимпиадаға орынды әлемдік біліктілікте жеңіп алған болатын.

Оңтүстік Азия.

Үндістандық үстел теннисінің шеберлері Сатиян Гнанасекаран мен Сутиртха Мукхерджи алғаш рет төрт жылдықтың басты жарыстарында өнер көрсететін болады.

Аралас жұптар.

Микст олимпиадалық үстел теннисінде дебют жасайды. Шарат Камал Ачанта/Маника Батра (Үндістан) бірінші орын үшін өткен матчта корейлік теннисшілер Ли Санг/Чон Джихиді жеңді. 2004, 2008, 2016 жылдардағы Олимпиада Ойындарында Шарат Камал Ачанта өз отанының намысын қорғағанын атап өтемін.


Шарат Камал Ачанта/Маника Батра (Үндістан)


Нима Аламиян (Иран)


Кларенс Зе Чу (Сингапур)


Анастасия Лаврова (Қазақстан)


Сатиян Гнанасекаран (Үндістан)


Талап Қойбағаров