Астанадағы "ADD Table Tennis Center Astana" - орталығында 2012 ж.т. және одан кіші спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты жалғасуда. Бүгін финалистер мен қола жүлделер үшін матчтардың қатысушылары анықталды.
1 орын үшін Жания
Бекмұхамбетова (Қостанай облысы) - Айна
Нәзір (Түркістан облысы) ойнайды.
3 орын үшін Эльмира
Мұхаметқалиева (Қарағанды облысы) - Арай
Сапабек (Астана), сондай-ақ Мәдина
Абдұәлиева (Түркістан облысы) - Каролина
Бондарь (Павлодар облысы) сайысқа түседі.
Ұлдар арасында алтын медальді Абай Жұмағұл (Түркістан) мен Әкежан
Ерланұлы (Абай облысы) ұтысқа салады.
Үшінші нәтижені Дулат
Ералхан (Шымкент) - Олег Яковлев
(Қарағанды облысы) және Арсен Асқар
(Батыс Қазақстан облысы) - Абылайхан
Ермаханұлы (Түркістан облысы) көрсетуге тырысады.
Суретте жеке разрядтағы финалистер.
Талап Қойбағаров