Осы күндері астаналық "ADD Table Tennis Center Astana" орталығында өтіп жатқан 2010 ж.т. және одан кіші спортшылар арасында үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының алтын медалін 29 маусымда ұтысқа салатын құрамалар командалар анықталды. Қыздар арасында бұлар Алматы мен Қарағанды облысының құрамалары.
Қола жүлдені Шымкент спортшылары Томирис Қосар, Ойдин Кәмілжанова, Салтанат Ералхан, Шодиёна Кәмілжанова, Қарақат Қанатбек және Түркістан облысының спортшылары Шахруза Шавкатова, Мафтуна Ханиязова, Мәдина Нәзір, Айна Нәзір, Мәдина Абдұәлиева жеңіп алды.
Ұлдар арасында І орын үшін Алматы мен Ақтөбе облысының
командалары сайыс өткізеді.
Үшінші орында қарағандылықтар
Андрей Мочалкин, Олег Яковлев, Азат Ахметбеков, Асылхан Мағзұмбеков, Арсен Жұмағали
және түркістандықтар Абай Жұмағұл,
Марлен Жұмағұл, Орынбасар Есімхан, Абылайхан Ермаханұлы, Ердәулет Бекұлы.
Суретте командалық есептегі қола жүлдегерлер.
Талап Қойбағаров