Қостанайда "Allur" үстел теннисі клубы (ҮТК) пайда болды, оның идеялық шабыт берушісі және ұйымдастырушысы "Allur" автомобиль зауытының директоры, Облыстық үстел теннисі Федерациясының төрағасы Сырым Семейбаев болды.
Зауытта оның құрылуынан бастап салауатты өмір салты мен бұқаралық
спорт жолға қойылған. Футбол, баскетбол, волейбол, жеңіл атлетика секциялары жұмыс
істейді. Көптеген зауыт жұмысшылары үстел теннисімен айналысады, осы жерде өткізілетін
турнирлерге қатысады. Сырым Сайранбекұлының бастамасымен спорт клубы және "Allur"
ҮТК құрылды. Ойыншылар өз үстелдері бар зауыт базасында, сондай-ақ зауыт
жетекшілік ететін Қостанай автожол колледжінің ғимаратында жаттыға алады. Сонымен қатар, теннисшілер Федерациямен
келісім бойынша оның базасында өз шеберліктерін арттыратын болады.
Қостанайда үстел теннисінің заманауи орталығының құрылысы
жоспарланған, оған уақыт өте келе Қостанай облысының құрамасы,
"Allur" ҮТК спортшылары көшіріледі.
Клубтың алдына келесі нәтижелерге қол жеткізу мақсаттары қойылды: Бірінші лигада ел чемпионатын жеңіп алу, халық арасында үстел теннисін насихаттау, елді халықаралық аренада таныстыру.