Жақында Жамбыл облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбековтың бұйрығымен Олимпиадалық резервті даярлау орталығында үстел теннисі бөлімі ашылды. Мұнда облыс құрамасы, жастар, юниорлар мен кадеттер жаттығулар өткізетін болады. Орталық бөлімшесі ОЖЖ ұйымдастырумен және өткізумен, жарыстарда сәтті өнер көрсету үшін келешекті спортшыларды іріктеумен айналысады, әсіресе аймақта өсіп келе жатқан ұрпақ өнеге тұтатын мықты теннисшілерде бар - бұл спорт шебері Ескендір Харки, 17 жаста, жастар арасындағы жеке есептегі Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Республиканың Ашық командалық чемпионатының Жоғарғы лигасының жеңімпазы, "Шаңырақ" мектеп-интернат-колледжінің оқушысы», Абдұл-Маджид Харки, 16 жаста, аралас және жұптық разрядтағы жасөспірімдер арасындағы Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Республиканың Ашық командалық чемпионатының Жоғарғы лигасының жеңімпазы, "Шаңырақ" оқушысы, Айкерім Асықбек, 17 жаста, "Шаңырақтың" түлегі, жұптық разрядтағы қыздар арасындағы ел чемпионы, аралас разрядтағы Республикалық оқушылар Спартакиадасының чемпионы, аралас разрядтағы "Еуропа-Азия" халықаралық турнирінің (Магнитогорск) чемпионы, Медиана Халықбай, 19 жаста, "Шаңырақтың" түлегі, жұптық разрядтағы қыздар арасындағы ел чемпионы, аралас разрядтағы жастар арасындағы ел чемпионатының қола жүлдегері, Республикалық студенттік Универсиаданың бірнеше дүркін жүлдегері.
Міне, Жамбыл облысының кіші ракетка
шеберлерінде осындай елеулі жетістіктер бар, ал үстел теннисі бөлімінің
ашылуымен нәтижелер жақын арада жақсаратыны сөзсіз.
Талап Қойбағаров