Несие алмайтын болдық

26.05.2020

Германияның, Еуропаның ең танымал "Der Spiegel" ақпараттық-саяси журналы оқырмандарға кезекті қызықты жаңалықты хабарлады: Халықаралық Олимпиада Комитеті олимпиада комитеттері мен спорт федерацияларына 150 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржылай көмек көрсетуді ұсынды, бірақ ITTF бірден бас тартты. Халықаралық үстел теннисі Федерациясының президенті Томас Вайкерттің пікірі: "Біз бұл несие екенін түсінеміз. Егер бұл грант болса, онда мүлдем басқа әңгіме еді. ITTF жақсы жұмыс істеді, сондықтан несие алмаймыз".

Талап Қойбағаров