Не? Қайда? Қашан?

24.07.2021

Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасында үстел теннисінен жарыс 24 шілдеде ашылу рәсімінен кейінгі күні басталады. Аралас разрядтағы финал 26 шілдеде, жеке әйелдер турнирі 29 шілдеде, ал ерлер турнирі 30 шілдеде аяқталады. Командалық жарыстағы үздік құрамалар 5-ші (әйелдер) және 6-шы (ерлер) тамызда анықталады. Басты фавориттердің қатарында әдеттегідей қытайлықтар бар. Олармен бәсекелесуге жапондықтар, басқа Азия елдерінің өкілдері және бірқатар мықты еуропалықтар тырысады. Қазақстанның атынан Кирилл Герасименко мен Анастасия Лаврова өнер көрсетеді. Сенбіде Анастасия испандық ойыншы Мария Сяомен ойнайды, ал Кирилл 25 шілдеде жарысқа түседі және оның қарсыласы Любомир Янчаржик (Чехия) - Әли Альхадрави (Сауд Арабиясы) матчының жеңімпазы болады. Қазақстандықтарға сәттілік!

Талап Қойбағаров