Үстел теннисінен "WTT Star Contender" турнирі Үндістанның оңтүстік-батысындағы Гоада басталды. Жергілікті жанкүйерлер өте бақытты, өйткені олар әлемдік рейтингтің алғашқы жиырмалығына кіретін спортшылардың ойындарын тамашалай алады: Фан Чжэндон (Қытай, № 1), Томокази Харимото (Жапония, № 4), Трулс Морегард (Швеция, № 6), Лян Цзинкунь (Қытай, № 7), Лин Юн-Джу (Тайбэй, № 8), Дарко Йоргич (Словения, № 9), Данг Цю (Германия, № 11), Лин Гоаюань (Қытай, № 12), Патрик Франциска (Германия, № 13), Кристиан Карлссон (Швеция, № 19).
Қазақстанның атынан Кирилл
Герасименко (№ 33) және Айдос Кенжеғұлов
(№ 304) өнер көрсетеді. Біздің теннисшілерімізге сәттілік
тілейік.
Талап Қойбағаров