Үндістандағы халықаралық турнир

11.02.2026

10-15 ақпан аралығында Ченнай қаласында (Үндістан) "WTT Star Contender Chennai" халықаралық турнирі өтеді, онда әлемдік рейтингтің ТОП-50 спортшылары, Олимпиада ойындарының, Әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарының жүлдегерлері Дмитрий Овчаров (Германия), О Джунсун (Корея), Кристиан Карлссон (Швеция), Бернадетте Сёч (Румыния), Сацуки Одо (Жапония), Флавиен Котон (Франция), Манав Тхаккар (Үндістан), Мию Нагасаки (Жапония), Элизабета Самара (Румыния), Джу Чонхуи (Корея), Хитоми Сато (Жапония) өнер көрсетеді.

Үндістанда Қазақстанның атынан Искендер Харки мен Сарвиноз Миркадирова өнер көрсетеді.


Талап Қойбағаров