Нью-Делиде үнділік теннис лигасының 3-ші маусымы аяқталды UTT (Ultimate Table Tennis). Ерлер мен әйелдердің тең саны (3-тен) болатын алты команда бойынша 36 ойыншы қатысты. Әр матч 5 жекпе-жектен тұрды және бүгін лиганың жеңімпазы анықталды - бұл бастапқы құрамдағы "Chennai Lions" Еуропа чемпиондары Тьягу Аполония (Португалия), Петрисса Солья (Германия). "Dabang Delhi T. T. C." теннисшілері күміс жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық Кирилл Герасименко "UMumba TT" (Мумбаи) атынан өнер көрсетіп, Ду Хой Кеммен (Гонконг), үндістер Манав Таккар, Чандра Джит, Сутиртха Мукхерджи, Дутта Моумитамен бірге үшінші орынға ие болды. "UMumba TT"-да алты матчта төрт жеңіс. Құттықтаймыз!
Кирилл Герасименко (суретте): "Үнді лигасының деңгейі өте жоғары,
себебі бұл жерде әлемнің "ТОП 50" спортшылары бірінші реттен емес,
матч басталғанша 10 минуттарда ойнауды бастау керек, себебі барлығы өте тез жүріп
жатады. Барлығы үш партия және 10:10 есеп кезінде жеңіс добы "көпте емес-кем
де емес" ойнатылады. Лигадан алған әсерлері жақсы, жаңа танысулар және
командаға жақсы қабылдады. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған, бес жұлдызды қонақ үй,
керемет тамақтану, жаттығулар, доптар, массажистер-бәрі жұмыста, бәрі біздің айналамызда болды. Көп фотосессия, бұл
маған өте ұнайды. Netflix-те жақында көретін Үнді лигасы туралы фильм түсірілді.
Нью-Делиде мен
жаңа спорт маусымының басталуына дайындықпен, допты сезіну, жарыс рухын сезіну,
күйзеліске төзімділікті сезіну және ойынның әр түрлі элементтерін сынап көру мақсатында
келдім. Бұл жерде болғаныма қуаныштымын".
Талап
Қойбағаров