Қазақстанның астанасында Супер және Жоғары лигаларда үстел теннисінен ел чемпионатының екінші айналымы басталды. Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан командалары ымырасыз жекпе-жектермен, қызықты ойындармен "Барыс"мұз айдынының мұзын ерітті. Суперлигада үш матчтан кейін "Жетісу" (Алматы облысы) мен "Астана" командалары жеңіліссіз келе жатыр. "Альянс" (Бішкек, Қырғызстан), және "Шолақ Терек" (Қостанай облысы) командаларында бір-бір жеңілістен бар. "Ақтөбе", ОРДО (Шымкент), "Хван Ман Гым" (Өзбекстан, суретте), "Қостанай" командалары өз нәтижелерін жақсартуға үміттерін жоғалтпауда
Жоғары лигада
екі топшада, 14 клуб бар және бірінші үш турды "ОТМК-Резерв" (Екатеринбург,
Ресей), "Қазаэроновигация" (Нұр-Сұлтан), "Қарағанды - Нұр-Сұлтан",
"Жолбарыстар" (Масаншы), "Ардагер" (Алматы) командалары оң
көрсеткіштермен өтті.
Ел чемпионаты жалғасуда.
Талап
Қойбағаров