Мықтылардың қорқынышы!

26.10.2018

Үстел теннисі бойынша Challenge (Бельгия) сериясының Әлемдік турында бүгін Кирилл Герасименко (Астана) өз ойынын бастады және аяқтады. Финалдың1/32 бөлігінде оның қарсыласы 18-жастағы Тайбэйлық Ли Шин Ян болды (суретте). Спорттық жетістіктері бойынша қазақстандық тайбэйліктен әлемдік рейтингі бойынша жоғары тұр, және Кирилдың жанкүйерлері оның сәтті ойын көрсететініне сенген болатын, оның үстіне бірінші партиядан кейінгі есеп 11:6 біздің пайызымызға шешілгендіктен қалайша сенбеуге болатын еді.Сонда не болды әрі қарай? Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенконың (Австрия) пікірі: «Ли Ши Ян жақында ғана Дмитрий Овчаровтың өзін жеңген болатын (Германия, әлемнің 5-ші ракеткасы) және Кирилге қарсы өте жақсы ойнады. Тайбэйлік неғұрлым мықты қарсыластарымен күшті шайқасатыны көрініп тұр. Кирилл одан мұндай күресті күтпеген болатын және ол үнемі қашан Ли Шин Ян белсенді ойнауын тоқтатады деп күтуде болды. Бұл жалпы болды және жетінші сетте Кирилл 10:7 есебімен алдыда келе жатты, бірақ бастамасын соңына дейін жеткізбеді. Допты дұрыс ойынға қоспай және қабылдаудың дұрыс емес нұсқасын таңдады. Қарсыластың рейтингі бұл жағдайда рөлі аса маңызды емес, ал үш матчболды жүзеге асыру қажет және Ма Лонгқа да қарсы. Біздің проблема – матчболдарды іске асыру».

Талап Қойбағаров