Мықтыларды іріктеу

05.08.2019

Шэньчжэнде (Қытай), әлемнің ең технологиялық қалаларының бірінде халықаралық рейтингке сәйкес Азия аймағының мықты теннисшілерінің оқу-жаттығу жиыны өтуде. 15 қытайлық спортшыларға Иран, Үндістан, Малайзия, Катар, Сириядан келген дарындар қосылды. Орталық Азияны Анель Бақыт (Алматы, 18 жасқа дейін), Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент, 15 жасқа дейін) және Шымкент қаласының №12 БЖСМ жаттықтырушысы Рустам Мирасланов ұсынады. Жиын Халықаралық (ITTF) және Азия үстел теннис федерациясының қамқорлығымен өтеді, ал жастармен Қытайдың тәжірибелі мамандары, Үндістаннан келген ITTF өкілдері айналысады.

Суретте солдан оңға қарай жаттықтырушы Аншул Гарг (Үндістан), Сарвиноз Мірқадірова, жаттықтырушы Ян И (Қытай), Анель Бақыт, жаттықтырушы Рустам Мирасланов





Талап Қойбағаров